Оптометристке бару офтальмологқа барудан ерекшеленеді.
Оптометрист
линза, көзілдірік, оптиканың көмегімен көзіңіздегі ақуалды дәл осы жерде және қазір түзетуге көмектеседі
Егер сіз көзілдірік немесе линза киетін болсаңыз, әр 6 ай сайын тексертуден өтуді ұсынамыз. Көзіңіздегі шамалы өзгерістің өзі көру сапасына және көзілдірік киген кезде мүмкін болатын ыңғайсыздыққа әсер етуі мүмкін.
Егер сіз көзілдірік немесе линза тақпасаңыз, бірақ ыңғайсыздықты сезініп жүрсеңіз - бізге келіңіз, көзіңізді тексеріп береміз.
Иә, бізде көзді тексеру тегін. Сізге көру қабілетін түзетуші линзалар қажет пе, соны анықтап, оптометристтен ұсыныстар аласыз.
көру қабілетін түзетуші көзілдірік таңдау;
маманның ауызша кеңесі;
қажет болған жағдайда қосымша тексеру бойынша ұсыныстар.
Назар аударыңыз, BRO glasses оптикадағы көз тексеру контактілі линзаларды таңдауды және көз ауруларын диагностикалауды қамтымайды.
Егер сіз контактілі линзаларды кисеңіз, оларды алдын ала шешіп алып, тексеруден кейін бірден кию үшін өзіңізбен бірге алып келуді ұсынамыз. Егер сіз контактілі линзалардан бас тарта алмасаңыз, линзаларды шешіп, көзіңізді демалдыру үшін жоспарланған уақыттан 30-40 минут бұрын келуіңіз керек. Бұл дәлірек тексеру үшін өте маңызды.
Тексеруді кейінге қалдырған жөн, егер:
Сіз алкогольді жоспарланған тексеру қарсаңында немесе күні тұтынсаңыз;
Сіз суықтап қалған болсаңыз немесе өзіңізді нашар сезініп тұрсаңыз. Оңалу кезінде контактілі линзаларды пайдаланудан бас тартқаныңыз жөн;
Сізде көзіңіздің шырышты қабатының қатты қызаруы бар болса - мұндай белгілермен мамандандырылған орталыққа хабарласқаныңыз дұрыс.
Жүктілік кезінде көру қабілеті және тексеру нәтижелері тұрақсыз болуы мүмкін, сондай-ақ антидепрессанттар мен басқа препараттарды қабылдау кезінде де тез өзгеруі мүмкін.
Егер сіз 18 жаста болмасаңыз, біз рецепт жазып бере алмаймыз. Егер сіздің жасыңыз 18-ге жетпеген болса, кез-келген жеке немесе мемлекеттік көз клиникасында балалар офтальмологына барып, бізге көзілдірік алуға сол рецептпен келсеңіз болады.
Біз сапалы линзалар мен заманауи жақтаулардың көмегімен әлемді айқынырақ және жарқын көруге көмектесеміз
Телефон:
Мекенжайы: "Дом Быта" сауда үйі, Құрманғазы көшесі 173